Филология факультеті

Филология факультеті төмендегі мамандықтар бойынша бакалавр даярлайды:

  • 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
  • 5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті
  • 5B011900 – Шет тілі: екі шет тілі
  • 5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • 5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • 5B020500 – Филология: қазақ тілі
  • 5B020500 – Филология: орыс тілі
  • 5В021000 – Шетел филологиясы

Факультетте көп деңгейлі білім беру жүйесі негізінде

  • 6M020500 – Филология: қазақ тілі
  • 6M020500 – Филология: орыс тілі мамандықтары бойынша магистратура бар.

Факультет әрекетінің барлық бағыттары факультеттің ғылыми-білім кешенінің оқу-әдістемелік жұмыстар нәтижелерін нарықпен ұштастыра алатын және бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды қалыптастыру міндеттеріне бағытталған.

Факультеттегі білім беру ісіне жаңа үлгідегі компьютерлік құралдар, электронды бағдарламалар, мультимедиялық аудио-видео технологиялар, интернет жүйелері қолданылады.

Филология мамандығының студенттері үшін компьютерлік кластар мен ресурстық орталық ұйымдастырылған. Факультет студенттері қазіргі заман талабына сай жабдықталған жатақханамен қамтамасыз етілген.

Факультет оқытушылары мен студенттері шет тілін меңгерудің деңгейін жоғарылату мақсатында жыл сайын Германия, АҚШ, Ұлыбритания елдеріне барып білімдерін жетілдіріп тұрады. 2006 жылдан бастап факультет студенттері «Work and Travel» және «CCUSA» халықаралық бағдарламаларға белсенді түрде қатысып келеді. Шетел филологиясы мамандығының студенттері «DAAD» бағдарламасы бойынша Германияда білім алып келді.

Шетелдегі ЖОО-мен әріптестікті дамыту және оқытушылардың профессорлық құрамын шетелдерде бағдарлама алмасуын жүзеге асыру мақсатында Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясымен (Барнаул қаласы), Питтсбург (АҚШ) университетімен және Гете институтымен (Германия) халықаралық байланыс орнатылған.
Алыс және жақын елдерден шетелдік ғалымдар келіп студенттерге дәрістер оқиды. Бірлескен ғылыми жобалар жасау үшін АҚШ-тың Солтүстік Дакота, Батыс Вирджиния, Техас штаттарынан және Түркияның Стамбул қаласындағы Мармара университетінен профессорлар арнайы шақырылды.

Мамандықтарға байланысты факультеттің кітап қоры жылда оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен толықтырылып тұрады. Студенттер электронды каталогтармен, электронды оқулықтармен жұмыс істейді.

Компьютерлік техника оқу үрдісінде кеңінен қолданылуда. Компьютерлік лаборатория ресурстарында дәріс курстары, аударма сөздіктер, оқу бағдарламалары, қазақ тілінің, ағылшын тілінің практикалық курсы бойынша электронды оқу құралдары және т.б. материалдар бар.